Ана қадірі оқыған: Бегимхан Махсат Авторы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы Ал Ананың қадірін айтайын, Балаға деген ықыласын, Санаға салып байқайын. Тоғыз ай, Он кун көтерген, Михынат тартқан төтеннен, Еңбегінде ет өлген Сый рат қылып сыйынсаң, Кем емес құбылам мекеңнен. Қадірін оның білмесең Қызметінде жүрмесең Арамыз залым болғаның Урғаны Құдай жетеңнен. Жақсылық қылған піріңе Жамандық қылсаң тіріде Жазаңды Алла тартқызар Орын жоқ Жəннəт мекеннен. Ай Ақ сүтін беріп емгізген, Шайнап тамақ жегізген Осы бір жарық дүнияға Себепкер болып келгізген. Құйрық шайнап ай Май берген, Құндақтап жерден жай берген, Оның қылған қызметін Күн менен Жұлдыз Ай көрген. Анаңдай Ғазиз мейірбан, Табылар саған қай жерден Ыңылдап дауысың шыққанда, Шықпаған жырақ қасыңнан Күйзеліп жаны ай, ашыған. Ал қараңғыда жыласаң Таныған көрмей даусыңнан Мейрімді суға қандырған Мейhүрбан барма осыдан. Алла, Пайғамбардан соң Күл жақын ей досыңнан, Қияметке кеткенше Өлшеулі өмір өткенше, Көбелектей айналып Пəруана болған басыңнан. Ақ етігін сарылтқан Ерініңе емшек дарылтқан Қарыныңа қореқ барылтқан Беліңнен батып былғансаң Жеркенбей жуып арылтқан. Мұздайда бесік таянған Жыласаң шошып оянған Анаңдай қамқор барма екен Жаныңа жақын саяңнан. Оның қызмет ісінен Не болар жаның аянған, Аязды күні айналып Бұлтты күні бұрылған Жас нəресте күніңде Қайырылып келген қырымнан. А ыстықпенен суыққа Перзенті үшін құрымған Дүнияда Құдай Жаратқан Мейhүрбан қылып бұрыннан Қар құрсағын кеңіткен Қас емшегін жібіткен Ыңылдап жатып ауырсаң Жарымда жасың кеміткен. Айналайын ай дегені, Жан жүйеңді еріткен Бұл бұйы опа жалғанда Анаңда өлмес болсайшау Анасы кетіп қасіретін Балада көрмес болсайшы. Шер жүрек болып артыңда Қалада бермес болсайшы Қапа болып көңілің Нұғада көрмес болсайшы Ар перзент құдайын Жетімдей қылмас болсайшы Ананың қадірін Ұл мен Қыз Тіріде білген болсайшы.